Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » РЕСПУБЛИКА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

РЕСПУБЛИКА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ


Жақында Талдықорған қаласында гір спорты мен қол күрестен республика біріншілігі өткізілген болатын.  Жарыста негізінен жасөспірімдер, жастар, ардагерлер, бақтарын сынады. Аталмыш жарысқа облыс саңлақтары қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.  Облыс командасын  Сырдария спорт клубының және облыстың гір спортынан аға жаттықтырушысы О.Медетбаев бастап барды.

Атап айтқанда гір спортынан жаңақорғандық Ж.Қасымбек 95 келі салмақта қола жүлде,  50-59  жас ардагерлер арасында аралдық спортшылар  М.Маханбетов, күміс жүлде, Б.Джубаниязов қола жүлде, қыздар арасынан сырдариялық Ш.Дәулетиярова қола жүлде еншіледі. Ал, қол күресінен сырдариялық Т.Жақып ардагер спортшылар арасынан қола жүлде иеленді. Алдағы уақытта саңлақтарымыз түрлі жарыстарда биік тұғырдан көрінуге талпына бермек.

Б.ОРДАБЕКОВ
28 наурыз 2018 ж. 1 226 0