Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ДҮБІРЛІ ДОДА – ДАРАБОЗ ДАРА

ДҮБІРЛІ ДОДА – ДАРАБОЗ ДАРА


Ауданның 90 жылдығы мерекесі аясында аудандық спорт кешенінде мерейтойға арналған тоғызқұмалақ, шахмат, таэквондодан аудандық біріншілік өткізілді. Спорттық жарысқа бағы мен бабы келіскен облыс көлемінен спортшылар мен спорт саласының ардагерлері, республикалық, облыстық дәрежедегі жаттықтырушылар, аудан қонақтары қатысты.

Тоғызқұмалақтан 11 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар және 11 жастан асқан ұлдар мен қыздар арасында бақ сынасты. Күні бойы ой жүйрігін сынаған жарыста спортшы балғындар бәсекесі қыза түсті. Аудан мерейін асырған жарыс барысында кіл жүйріктер өзара мықтыны анықтады. Сонымен қатар спорттың төресі саналатын шахматтан қыздар мен ұлдар арасындағы бәсекеде жеңімпаздар анықталды.
Дәл осы күні нағыз мықтылардың айқасында, яғни таэквондодан 2005-2006 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында 31, 33, 35, 38, 42, 45, қыздар 30 келі салмақ дәрежесінде кіл мықтылар топ жарды.
Жарыс қорытындысында барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль, естелік сыйлық тапсырылды.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
14 тамыз 2018 ж. 1 016 0