Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Екі спортшымыз Азия чемпионы атанды

Екі спортшымыз Азия чемпионы атанды

Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қос алтын жүлде қоржынға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең алдымен 73 келіге дейінгілер сынында Едіге Емберді Азия рекордын жаңартты. Спортшымымыз 173 келіні бойынан асыра көтерді. 67 келіде өнер көрсеткен Әлішер Байбұров та жеңімпаз атанды. Ол жұлқа көтеруде 134, ал серпе көтеруде 155 келіні бағындырды. Ал қыздар арасындағы сында Екатерина Алякина жұлқа көтеруде үшінші орынға ие болды.

Едіге Емберді, ауыр атлетикадан Азия чемпионы:

- Шынымды айтсам қуаныштымын. Осы жарыс негізі қиын болды. Тайланд спортшысы мықты болды. Менен 1-2 келі аз көтерді. Жақсы жарыс болды. Енді біраз демаламыз. Келесі жылы жастар арасындағыға өтеміз.

21 шілде 2022 ж. 489 0