Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали финалда

Әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали финалда

Грек-рим күрес шебері Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін белдеседі, деп хабарлайды Sportinside.kz.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали жартылай финалда грузиялық Амиран Шавадземен белдесті. Кездесу барысында Айдос Сұлтанғали 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді, алайда айқастың соңына таман екі сәтті әдіс қолданып, жеңісті өз пайдасына жазды – 8:2.

Финалда ол бүгін, 20 қыркүйекте Өзбекстан балуаны Алишер Ғаниевпен белдеседі.

Еске сала кетейік, Айдос Сұлтанғали 1/4 финалда КХДР өкілі Ри Си Ёнды 1:1 есебімен (басымдық ережесі бойынша) жеңіп шықты, ал турнирді америкалық Максвелл Блэкті 7:1 есебімен ұтып бастаған еді.


Фото: Ашық дереккөзден
20 қыркүйек 2025 ж. 426 0