Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында үздік үштікке енді
Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үшінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.Аралық көш басында бейтарап ту астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік Александра Игнатова (Трусова) тұр. Ол 77,39 ұпай жинады. Екінші орында Оңтүстік Корея өкілі Юджае Ким – 75,99 ұпай.
Қысқа бағдарламада Қазақстан намысын тағы бес спортшы қорғады. Нүрия Сүлеймен 44,88 ұпаймен 13-орын, Алика Халимова 44,68 ұпаймен 14-орын, Амира Ирматова 42,03 ұпаймен 16-орын, Зере Сарбалдина 41,92 ұпаймен 17-орын, Амина Алексеева 32,68 ұпаймен 19-орын алды.
Турнирдегі еркін бағдарлама 9 қазанда өтеді. Самоделкинаның жүлдеге таласы осы кезеңде жалғасады.










