Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Килиан Мбаппе әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Килиан Мбаппе әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткен Франция мен Англия арасындағы матчта Мбаппе дубль авторы атанып, турнирлердегі гол санын 22-ге жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Осылайша француз шабуылшысы бұл көрсеткіш бойынша Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Мессиден озып шықты. Қазір 27 жастағы футболшының еншісінде 22 гол бар. Осы көрсеткіш бойынша ол әзірге 21 голы бар Аргентина құрамасының капитаны  Мессиден алда келеді. Алайда Мессиге әлі Испанияға қарсы әлем чемпионатының финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие. 

«Лео үнемі гол соғып жүреді. Ол испандардың қақпасын да дәл көздейді деп сенемін. Қазір үздік сұрмергендер тізімінде бірінші орында тұрғанымды сезіну, әрине, жағымды. Бірақ мен финалда ойнағанды қалар едім. Әлем чемпионаттары тарихындағы үздік бомбардир атану мұрам үшін маңызды. Дегенмен менің бар ойым әлем чемпионы атану болды», деді Мбаппе L'Équipe басылымына берген сұхбатында.
Бұған дейін Мбаппе Англиядан 4:6 есебімен жеңілген үшінші орын үшін матч Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешамның 14 жылдық еңбегін жоққа шығармайтынын айтқан болатын.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы бүгін, 19 шілде 23:50-де басталады. Шешуші кездесуде Аргентина мен Испания құрамалары чемпиондық атақ үшін таласады.

Сурет: Ашық дереккөзден
 


19 шілде 2026 ж. 181 0