Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 5 газет

21 қаңтар 2025 ж.

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Месси 2022 жылдың қорытындысы бойынша чемпиондардың чемпионы атанды

Месси 2022 жылдың қорытындысы бойынша чемпиондардың чемпионы атанды

«ПСЖ» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси L'Équipe басылымы өткізген сауалнамаға сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша чемпиондардың чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сhampionat.com сайтынан алынған дерекке қарағанда, L'Équipe редакциясы журналистерінің айтуынша, аталмыш сыйлық жылдың ең үздік спортшысына беріледі.

Рейтинг 4 желтоқсан күні аяқталған дауыс берудің нәтижесі бойынша жасалған.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Лионель Месси оқ бойы озық шығып, 808 ұпай жинады. «ПСЖ» мен Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе (381 ұпай) екінші орында. Үздік үштікті испаниялық теннисші Рафаэль Надаль (285) түйіндеді.

Бельгиялық велоспортшы Ремко Эвенепул төртінші, нидерландылық автожорықшы Макс Ферстаппен бесінші сатыдан көрінді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі үздік футболшы атанғанын жазған болатынбыз.


Фото: GETTY IMAGES
06 қаңтар 2023 ж. 913 0