Александр Бублик пен Анна Данилина «Уимблдонның» 1/8 финалына шықты
Қазақстанның үздік теннисшілері Александр Бублик пен Анна Данилина «Уимблдон-2026» турнирінде сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kzАлександр Бублик үшінші айналымда америкалық Фрэнсис Тиафоны бес сетке созылған тартысты матчта жеңді. Кездесу 4 сағат 10 минутқа жалғасып, 4:6, 7:6 (7:5), 7:6 (13:11), 4:6, 6:3 есебімен аяқталды.
Ойын барысында Бублик 48 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ 10 брейк-пойнттың біреуін ғана сәтті пайдаланды.
Енді қазақстандық теннисші ширек финал жолдамасы үшін әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицпен кездеседі.
Әйелдер арасындағы жұптық сында Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге екінші айналымда украиналық Ангелина Калинина мен Даяна Ястремскаяны 2:6, 6:4, 6:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.










