Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екінші айналымға жолдама алды

Екінші айналымға жолдама алды

Қазақстанның жұптық сындағы бірін­ші, әлемнің 29-ракеткасы Анна Да­нилина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды egemen.kz.

Қазақстандық теннисші ұлыбританиялық Хизер Уотсонмен бірге бастапқы кездесуін аме­­рикалықтар Эмма Наварро/Пейтон Стернспен өткізді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде қазақстандық-ұлыбританиялық жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт үш эйс, бір брейкпен көзге түсті. Енді А.Данилина/Х.Уотсон үшінші ай­на­лымға шығу үшін Мию Като (Жапония)/Ал­дила Сутджиадимен (Индонезия) таласады.

Сонымен қатар Анна Данилина фин­ляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге аралас жұпта да жарысты жалғастырады. Олар алғашқы айналымда Николь Меличар (АҚШ)/Мэттью Эбденді (Аустралия) 6:3, 5:7, 10:7 есебімен жеңді. Енді екінші айналымда Алисия Паркс/Денис Кудламен шеберлік байқасады.

Ал жұптасып өнер көрсетуде сынға түсіп жатқан қазақстандық Андрей Го­лубев бірінші айналымда ресейлік Роман Са­фиуллинмен бірге американдықтар Алек­сандр Ковачевич пен Николас Морено де Альборанмен кездесіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
02 қыркүйек 2023 ж. 154 0