Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 17-орынға көтерілді

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 17-орынға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті.

Ел құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 18-ден 17-орынға көтерілді. Сондай-ақ Юлия Путинцева 44-тен 40-сатыға жоғарылады. Зарина Дияс 116-дан 134-ке сырғыды. Жұптық сында Анна Данилина 20-сыншы, Жібек Құламбаева 302-інші, Гөзал Айнитдинова 423-орында тұр. Бүгін Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 85-ракеткасы, словениялық Кайя Йуванмен ойнайды. Рыбакина осы додада ертең дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған ресейлік Элина Аванесянмен шеберлік байқасады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 33-тен 41-ге төмендеді. Михаил Кукушкин 165-тен 163-ке көтерілді. Дмитрий Попко 182-інші, Тимофей Скатов 193-інші, Денис Евсеев 337-інші, Бейбіт Жукаев 490-сатыда келеді. Жұптық сында Андрей Голубев 25-інші, Александр Недовесов 60-орында қалса, Григорий Ломакин 249-сатыға жайғасты. Бублик Рим мастерс жарысында бүгін әлемнің 59-ракеткасы, америкалық Маркос Хиронмен шеберлік байқасады.

Аяна Тоғанбек, 
egemen.kz
09 мамыр 2022 ж. 433 0