Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЧ-2026: Түркия, Қатар және Шотландия қалай өнер көрсетті?

ӘЧ-2026: Түркия, Қатар және Шотландия қалай өнер көрсетті?

13-нен 14 маусымға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының кезекті ойындары өтті. Швейцария құрамасы Қатармен ойында ұпай жоғалтса, Түркия тосыннан Аустралиядан жеңілді, ал Шотландия Гаитиді аз есеппен ұтты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Қатар - Швейцария

Ойын күнін Қатар мен Швейцария арасындағы матч бастады. Фавориттер есепті 17-минутта ашты, пенальтиді форвард Брель Эмболо сәтті орындады. Команда жеңісті тойлауға дайындалып жатқан еді, алайда 94-минутта қорғаушы Миро Мухейм өз қақпасына гол соғып алды. Матчтің қорытынды есебі - 1:1.

Гаити - Шотландия

Гаити мен Шотландия құрамалары арасындағы үшінші матчте бір ғана гол соғылды. Оны 28-минутта жартылай қорғаушы Джон МакГинн салды. Гаитиліктер өз қақпасына бірнеше гол жіберіп алады деп күтілген еді, бірақ статистика бойынша олар шотландиялықтардан кем түскен жоқ. Матчтің қорытынды есебі - 0:1, Шотландияның пайдасына.

Аустралия - Түркия

Ойын күнінің қорытынды матчінде Түркия тосыннан Аустралиядан жеңіліп қалды. 27-минутта аустралиялық вингер Нестори Иранкунда есеп ашса, 75-минутта жартылай қорғаушы Коннор Меткалф есепті еселеді.
Түріктер допқа иелік ету бойынша 70 пайыздан аса артықшылыққа ие болып, қарсылас қақпасына 30 соққы бағыттаса да, гол соға алмады. Матчтің қорытынды есебі - 2:0, Аустралияның пайдасына.

Фото: FreerLaw/depositphotos.com




14 маусым 2026 ж. 36 0