Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерация президентінің бокс дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Серік Сәпиев жаңа қызметінде ұлттық құрамалардың нәтижесін жақсартуға, боксты жүйелі түрде дамытуға және Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған жұмыстармен айналысады.
Айта кетейік, ол – Олимпиада чемпионы, әлем және Азия біріншіліктерінің екі дүркін жеңімпазы, сондай-ақ Вэл Баркер кубогының иегері. Бұған дейін спорт және мемлекеттік басқару саласында түрлі басшылық қызметтер атқарған.
Ал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 19 жасқа дейінгі ерлер құрамасының үйлестірушісі болып тағайындалды. Ол жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, халықаралық деңгейдегі нәтижелерін арттыруға үлес қоспақ. Қанат Ислам кәсіпқой бокста WBA Fedecaribe тұжырымы бойынша чемпион атанған. Әуесқой мансабында Олимпиада ойындары, әлем чемпионаты және Азия ойындарында жүлдегер болған.
Айта кетейік, бұған дейін олимпиада чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевті оның орынбасары самбодан әлем және Азия чемпионы Дәурен Есімханов соққыға жыққаны туралы жазған едік. Желіде тараған видеодан Серік Сәпивтің қолына құжат ұстап, орынбасарының кабинетіне кіргенін, кейін Есімхановтың Сәпиевті ұрып, кабинеттен шығарып жібергенін көруге болды.
Фото: Серік Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасынан










