Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Есімі әлемге танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте Тимур Құлыбаевтың орнын басып отыр. Шешім бүгін ҰОК бас ассамблеясының отырысы барысында қабылданды, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

ҚР ҰОК Бас ассамблеясының отырысына олимпиадалық спорт түрлері бойынша 35 ұлттық спорт федерациясының өкілдері мен ұйымның спортшылар комиссиясынан 2 өкіл қатысты.

34 қатысушы Геннадий Головкиннің кандидатурасын қолдады, екеуі қалыс қалды.

Спорт әлемінде GGG лақап атымен танымал болған Геннадий Головкин шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмай, әуесқой да, кәсіпқой да бокста өзінің ұрыс мәнерімен, ерекше стилімен миллиондаған жанкүйердің сүйікті спортшысына айналған.

«Әкем – орыс, шешем – кәріс, ал өзім - қазақпын» дейтін Геннадий Головкин 1982 жылдың 28 ақпанында Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ол тұрған Майқұдық ауданы сол уақыттарда қылмыс өршіп тұрған қауіпті аймақ саналатын. Дәл осы жайт бала Генаның спортпен айналысуына да себеп болғандай.

Ол әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-інде жеңіске жетті. Еш уақытта нокаут тұрмақ нокдаунға да түсіп көрген жоқ. Геннадий әуесқой бокста Азия, Әлем чемпионаттарында топ жарды. Алайда, Олимпиада чемпионы бола алмады, күміс медальді қанағат тұтты. Ол 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындары болатын. Дәл осы жазғы ойындарға Головкин қазаққа үнемі алтын медаль сыйлап келген 69 келі салмақ санатында баруы тиіс еді. Дегенмен, ол 75 келіге ауысып, ал 69 келі салмақта ел үміті Бақтияр Артаевқа артылған болатын. Осы олимпиадада Бақтияр Артаев чемпион атанса, Геннадий Головкин күміс жүлдегер атанды. Дегенмен, әлі күнге дейін дәл осы жекпе-жекке қатысты дау көп. Көпшілік Геннадийдің сол уақытта ресейлік Гайдарбек Гайдарбековтен жеңілмегенін айтады. Генаның өзі де сол жекпе-жекте жеңілмегендігіне сенімді.

«Мен Азия, Әлем ойындарының чемпионы болдым. 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының алтын медаліне лайықты болдым деп санаймын. Дәл сол уақыттағы жайт әуесқой бостан түңіліуіме себеп болды», - деген еді сол жекпе-жекке қатысты спортшы L'Equipe басылымына берген сұхбатында.

Бір жылдан кейін Геннадий Головкин әуесқой спортпен қош айтысып, кәсіпқой боксқа бет бұрды.

Геннадий Головкиннің әуесқой бокстағы жетістіктері:

2000 жыл – жасөспірім арасындағы әлем чемпионатында жартылай салмақта чемпион;

2001 жылы – Шығыс Азия ойындарында жартылай салмақта чемпион;

2002 жылы – Астанада өткен бокстан әлем чемпионатында чемпион;

2002 жылы – Азия ойындарының чемпионы;

2003 жылы – Бангкогте өткен әлем чемпионатының чемпионы;

2004 жылы – Азия чемпионатының чемпионы;

2004 жылы – Афинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Геннадий Головкин 2005 жылдан бері осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 45 жекпе-жек өткізді.

Оның 37-сін нокаутпен аяқтаса, бір жекпе-жегінде тең түсіп, екі жекпе-жегінде ұпай санымен жеңіліп қалды.

Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2006 жылдың мамырында Габор Балогқа қарсы өткізіп, оны бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Осыдан кейін Генаның жұлдызды сәті туды.

WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 мәрте, IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғады. Кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша нокаут бойынша 89 пайыздық үлеспен бірінші орынға да шықты.

Геннадий Головкин спорттық мансап жолында екінші орта салмақтағы әлемнің абсолюттік чемпионы Сауль Альвареспен үш мәрте кездесті.

Есте болса, 2017 жылдың қыркүйегінде Головкин мен «Канело» кездесуі тең аяқталды. Ал бір жылдан кейін, яғни 2018 жылдың қыркүйегінде Сауль Альварес төрешілер шешімімен Генадан басым түскен болатын. Екі спорт жұлдызының арасындағы үшінші кездесу де отандасымыздың пайдасына шешілген жоқ.

Фото: ашық дереккөзден
26 ақпан 2024 ж. 245 0