Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Данияр Елеусінов әлем чемпионы атанды

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атанды

Қазақстан кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында өткен кәсіпқой бокс кешінің негізгі жекпе-жегі қазақстандық Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао арасында болды.

12 раундтық кездесудің екінші раундында Аргентина боксшысы қазақстандық қарсыласынан нокдаун алды. Рингтегі төреші үшінші раундта да «нокдаун» ашты. Қалған раундтар да Даниярдың толық басымдығымен өтті.

Төрешілер шешімімен Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына лайық деп танылды.
19 желтоқсан 2021 ж. 407 0