ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Торпедомен» кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 6 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізеді. KAZINFORMКездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін командалар 43 мәрте шеберлік байқасты. Оның 22-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 36 ұпаймен 18-орынға жайғасса, «Торпедо» 50 ұпаймен 8-орында келеді.
Алдағы ойындарға «Барыстың» құрамы
Қақпашылар: Никита Бояркин, Адам Шил, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Майкл Веккьоне, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Макс Уиллман, Ансар Шайхмедденов.
Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 8 қаңтарда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездессе, 10 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 12 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командаларымен шеберлік байқасады.










