Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Словакиямен кездеседі

Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Словакиямен кездеседі

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы екінші кездесуінде Словакияға қарсы ойнайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Қазақстан мен Словакия кездесуі бүгін, 12 мамырда сағат 15.20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін 9 мәрте кездесті. Оның 2-уі Қазақстанның басымдығымен аяқталса, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

Одан кейін ел құрамасы 14 мамырда Латвия, 16 мамырда Швеция, 17 мамырда Германия, 19 мамырда АҚШ, 20 мамырда Польша хоккейшілерімен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, бүгін В тобында Латвия мен Франция, Швеция мен Польша ойнаса, А тобында Дания мен Канада, Австрия мен Швейцария, Финляндия мен Ұлыбритания мұз айдынға шығады.

Айта кетсек, бұдан бұрын 11 мамырда қазақстандық хоккейшілер Францияны 3:1 есебімен жеңіп кетті.
12 мамыр 2024 ж. 110 0