Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Қайрат» клубының жас жұлдызы Еуропалық клубқа ауысты

«Қайрат» клубының жас жұлдызы Еуропалық клубқа ауысты

Алматылық "Қайрат" академиясының түлегі, жас футболшы Нұрғали Алдияр Испанияның "Леванте" клубының жастар құрамасымен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы футболшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Нұрғали Алдияр бұған дейін Испаниядағы "Историкс Валенсия" клубының намысын қорғаған. Ол бұл командаға Алматының "Қайрат" академиясынан ауысқан еді. Сонымен қатар жас ойыншы Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырылып, тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді.

Айта кетейік, қазір "Леванте" сапында Қазақстаннан шыққан тағы бір футболшы – павлодарлық Шыңғыс Қалиев те доп теуіп жүр. Екі ойыншы да Алматыдағы "Қайрат" академиясының түлектері.

05 қаңтар 2026 ж. 108 0