Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды

Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Тоқтарбек Айдарбек Түркістанда сурдо дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Тоқтарбек финалда Оңтүстік Кореялық Джунгму Янгты уақытынан бұрын “иппон” ұпайымен ұтты. Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Томоко Такахашиден басым түскен болатын. Сөйтіп жарыстың екінші күнінде Қазақстан қоржыны 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдемен толықты. Ерлер арасында Айдос Түгелбаев (-90 кг) күміспен күптелсе, әйелдер арасында Анна Краморова (-78 кг) мен Екатерина Чебышева (+78 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Анастасия Тимошенкова (-70 кг), Еркебұлан Қанафин (-81 кг) және Сабыржан Хапизов (+100 кг) ел қордынына үш қола жүлдені сыйлады.

Айта кетейік, сурдо дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, Қазақстан сурдо дзюдо құрамасы әлем чемионатының жекелей жарысын 3 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлдемен медаль жалпыкомандалық кестесінде ІІ орынмен аяқтады.

14 сәуір 2024 ж. 117 0