Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіс тұғырынан көрінген Сыр спортшылары туған елге оралды

Жеңіс тұғырынан көрінген Сыр спортшылары туған елге оралды

Жуырда Малайзия мемлекетінің Кучинг қаласында таеквондодан жастар мен кадеттер арасында Азия чемпионаты өткен болатын. Әлемнің мықтылары бас қосқан тартысты бәсекеде Сыр өңірінің екі спортшысы ел намысын абыроймен қорғап, зор жетістікке қол жеткізді. Атап айтқанда, 59 кг салмақ дәрежесінде Қазнабек Тоғжан ІІ орынды жеңіп алып, күміс медальға қол жеткізсе, 48 кг салмақ дәрежесінде Нұрперзент Саматұлы ІІІ орынды иеленіп, қола жүлдені аймақ қоржынына салды.

Осыған орай, бүгін Қызылорда қаласының темір жол вокзалында жанкүйерлер мен сала қызметкерлері және жаттықтырушылар жеңіс тұғырынан көрінген Сыр спортшыларын салтанатты түрде қарсы алды. Мерейлі мезетте спортшыларымызға қошемет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды. Сонымен қатар, алда өтетін әлемдік жарыстардың жеңімпазы атанып, аймақ абыройын асқақ етер чемпион болуға сенім білдірді. Шара соңында сала қызметкерлері, жаттықтырушылар, ата-аналар және БАҚ өкілдері чемпиондармен естелік суретке түсті. Өз кезегінде жүлделі орынға ие болған спортшыларымыз байрақты бәсекелерде бұдан да зор жетістіктерге жетіп, ел үмітін ақтауға уәде берді.

Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

04 тамыз 2025 ж. 259 0