Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жергілікті атқарушы органдар арасында республикалық спартакиада басталды

Жергілікті атқарушы органдар арасында республикалық спартакиада басталды

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында жергілікті атқарушы органдар арасындағы дәстүрлі республикалық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Игі дәстүрге айналған бұл спорттық шара мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды, әріптестік пен достықты нығайтуды мақсат етеді.

Биылғы спартакиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 команда футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, жүзу сынды бірнеше спорт түрлерінен өзара сынға түспек.

Спартакиада 17 маусымға дейін жалғасып, жеңімпаздар арнайы алғыс хаттар және медальдармен марапатталады.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
 
13 маусым 2025 ж. 348 0