Футболдан әуесқой командалар арасында облыс чемпионаты басталды

Чемпионаттың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, өңір футболының деңгейін арттыру және жас таланттарды анықтау. Жарыс барысында әр команда жасыл алаңда өз шеберліктерін паш етіп, өзара мықтыны анықтайтын болады.
Ашылу салтанатына Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы Сағидат Талғатұлы мен Қызылорда облыстық футбол федерациясының президенті Болат Елеуұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, әділ әрі тартысты ойын болатынына сенім білдірді.
Чемпионат 15 маусымға дейін жалғасып, финалдық ойындар арқылы жеңімпаз команда анықталатын болады. Жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлайтын бұл дода – футбол сүйер қауым үшін үлкен мереке!
Қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!
@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы