Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ


Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында аудандағы спорт мектептерінің маңызы зор. Бүгінде жастардың сала- уатты өмір салтын ұстануы бұқаралық спортты дамытудың кепілі.
Дені саудың-жаны сау. Күнделікті дене жаттығуын жасау, спортқа деген қызығушылықты арттыру білім беру мен қатар өз-өзіне сенімді сер- гек ұрпақ тәрбиелеу мемлекет алдындағы міндет. Бұл жайлы Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында айтып келеді.
Ауданға қарасты №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері болашаққа нық қадам басып, биік белестерді бағындырып келеді. Солардың қатарында №130 Абай атындағы орта мектептің оқушылары бар. Жақында Ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай Тасбөгет кентінде 2005-2007 жылдары туылған ұлдар мен қыздар арасында қазақша күрестен қалалық ашық біріншілік өтті. 350 спортшы қатысқан біріншілікте ақжармалық өрендер жеңіс тұғырынан көрінді. Мектептің 9 бірдей оқушысы жүлделі орын алды. Әр түрлі салмақта қарсыластарын жеңіп шыққан Толғанай Төребекова (29 кг), Гауха- рай Ерсейіт (32 кг), Ұлту Асқар (36 кг), Дильназ Алтай (40 кг) бірінші орын алып, айды аспанға шығарды. Екінші орынды олжалаған қос қыз Арайлым Махаш (44 кг) пен Гүлмира Оразбекқызы (+57 кг) да жеңімпаз атанды. Ал, ұлдар Тұмарлан Өмірбек (32 кг), Қожагелді Оразқожаев (38 кг), Асхат Шүреков (42 кг) үшінші орынды місе тұтты. Жас спортшыларды күреске баулыған жаттықтырушы Нұрлыбек Нұрматаев жарыс туралы: - Оқушыларды бірнеше жылдан бері қазақша күреске үйретудемін. Ауылдық клубтың шағын бөлмесінде жаттығамыз. Алдағы жылы үлкен ғимаратқа көшеміз деген ойда- мыз. Міне, бүгін балалар алғашқы жетістіктеріне жетіп, қуантты. Бұл еңбектің еш кетпегендігі, - дейді бапкер.
Иә, бір ауылдан 37 баланы спорттың байырғы түрі қазақ күресіне баулып жүрген бапкердің өз мақсаты да бар. Алар асу мен жеңістер көбейе берсін.
Б.ЖАНӘЛІ
18 желтоқсан 2017 ж. 1 796 0