Қазақстандық шахматшы 2024 жылғы әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Соңғы турда қазақстандық шахматшы әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең түсіп, қарсыласын Нью-Йорктегі чемпиондықтан айырды.
Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар былай бөлінді:
Хампи Конеру (Үндістан) – 8,5 ұпай;
Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) – 8 ұпай;
Екатерина Лагно (Ресей) – 8 ұпай.
Тағы бір қазақстандық шахматшы Меруерт Қамалиденова 16-орынға ие болды.
Ерлер арасында қазақстандық спортшылардан үздік нәтижені Ринат Жұмабаев көрсетті. Ол 62-орынға тұрақтады. Ринат 13 турда 4 жеңіске жетіп, 6 тең ойын өткізіп, 3 рет жеңіліп қалды. Ол жалпы 7 ұпай жинады.
Фото: Instagram/bibisarachess