Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоғызқұмалақ турнирінде топ жарды

Тоғызқұмалақ турнирінде топ жарды

Биыл мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына орай түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жергілікті өкілді органдардың айтулы мерейтойы аясында облыстық мәслихаттың және тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының ұйымдастыруымен «Абай жүлдесі» атты тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтті.

Турнирге Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы Ержан Әжікеновтің тапсырмасы бойынша мәслихат аппаратының басшысы Гүлназ Божан бастаған ұжым қызметкерлері мен аудан спортшы­лары қатысты. Турнирде мәсли­хаттың бас маманы Самат Токманов, аудандық қоғамдық ке­ңес хатшысы Жандос Әбубәкіров және мәслихатпен тығыз байланыс орнат­қан аудан тұрғындары Райкүл Ешмұратова мен Ұлпан Елеусінова жақсы қырынан танылды.


Спорттық іс-шараға облыстық мәслихат­тың экология, өндіріс, шар­уа­шылық және кәсіпкерлікті дамы­ту мәселелері жөніндегі тұрақ­ты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаев қатысып, турнирге қатысу­шыларға сәттілік тіледі.

– Бүгін өздеріңізбен ҚР Мәсли­хат­­­тарының 30 жылдығы аясында Қызылорда облыстық мәс­­ли­хаты және Қызылорда облыс­­­тық тоғызқұмалақ зият­кер­­лік қауым­дастығымен бір­лесе ұйым­дас­тырылып отырған «Абай жүл­десі» тоғызқұмалақ тур­нирі­­нің ашылу салтанатында кез­дес­ке­німізге қуаныштымыз. Биыл мәс­лихаттардың құрыл­ғаны­на 30 жыл мерекесі аталып өтілуде. Сон­дықтан біз бұл атаулы мерекені стра­тегиялық ойлау қабіле­тін дамы­татын іс-шараларды ұйым­дастыру арқылы атап өтуді жөн көрдік. Тоғызқұмалақтан Қызылор­да облысының рейтингтік көрсет­кіштері соңғы үш жылда алғашқы орындарды иеленіп келеді. Қазіргі таңда тоғызқұмалақ спорты еліміз­де қарқынды дамуда. Сол себепті алдағы уақытта бұл бастаманы одан әрі жалғастырып, осындай турнирлерді жиі өткізуге белсене атсалысуымыз қажет, – деді Б.Сандыбаев.

Мұнан соң облыстық тоғыз­құмалақ зияткерлік қауым­дасты­ғының президенті Әбдіқадыр Ергешбаев сөз алып, аталмыш спорт түрінің тарихына тоқталып, өз кезегінде қатысушыларға жеңіс тіледі. Сондай-ақ бас төреші Хакімжан Елеусінов қатысушылар­ға жарыстың ережесі мен регла­мен­тін түсіндіріп өтті. Өз кезе­гінде дүниежүзілік және ҚР Тоғыз­құмалақ федерациясының прези­денті А.Бәйменов турнирге қатысушыларға арнайы видео құт­тық­тауын жолдап, іс-шараның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Айта кетсек, турнирде барлық деңгей­дегі мәслихат аппаратының қызмет­керлері, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері барлығы 36 ойыншы швейцар жүйесі бойын­ша 7 тур бойы бақ сынасты. Сыр­дария ауданының намысын қор­ға­ған Райкүл Ешмұратова жүл­делі ІІ орынды иеленді. Қал­ған қатысушылар ынталардыру сыйлы­ғымен, Алғыс хатпен марапат­талды. Жеңімпаздар мен жүлде­герлерге арнайы дипломдар, медальдар берілді. 7 турдан тұра­тын турнирдің І және ІІ орын жеңім­паздары тамыз айында Астана қаласында өтетін финалдық жарыс­қа жолдама алды.

А.құрманайтегі
13 тамыз 2024 ж. 176 0