Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиаданы жеті медальмен аяқтады
Ұлттық Олимпиада комитеті Қазақстан құрамасының Париждегі Олимпиаданы жеті медальмен аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық Олимпиада комитетінінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарындағы өнерін аяқтады. Франция астанасында өткен спорттық жарыстарда біздің спортшылар жеті медаль жеңіп алды.
Жалғыз "алтынды" дзюдошы Елдос Сметов алды. Ол 60 келі салмақта өнер көрсеткен еді.
Үш рет қазақстандықтар жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Олимпиаданы күміспен аяқтады.
"Кешірім сұратқанды қою керек": Дана Нұржігіт Париж Олимпиадасында жеңілген спортшыларға қолдау білдірді
Олимпиада күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың ауылындағы көшерлерге не себепті асфальт төселмегені белгілі болды
Олимпиада ойындарында Назым Қызайбай (бокс, 50 келіге дейін), атқыштар Александра Ле мен Ислам Сәтбаева (аралас командалық жарыс) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде иеленді. Осылайша Қазақстан жеті медаль иегері атанып, 41-ші орынға жайғасты.
Ал Өзбекстан спортшылары Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында сегіз алтын медаль жеңіп алды. Оның бесеуі бокстан.
Сонымен Өзбекстан қоржынында он үш медаль бар: сегіз алтын, екі күміс және үш қола.
Мұндай табыстар Өзбекстанға медальдық есепте 13-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.