Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еуро-2024: Испания құрамасы жеңімпаз атанды

Еуро-2024: Испания құрамасы жеңімпаз атанды

Футболдан биылғы Еуропа чемпионаты финалында Испания-Англия құрамалары кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Қос тараптан да шабуыл жасалып, гол соғуға шақ қалу мезеті болғанымен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енбеді.

Екінші кезең басталған сәтте испан футболшылары есеп ашты. 17 жасар Ламин Ямаль әріптесі Нико Уильямске нәтижелі пас шығарып, ол қақпаны дәл көздеді.

Күллі әлем көз тіккен ойынның 73-минутында англиялық Коул Палмер таразыны теңестірді. Ал 86-минутта испаниялық Микель Оярсабаль жеңіс голын соқты. Осылайша Испания құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионы атанды.

Фото: Ашық дереккөзден

15 шілде 2024 ж. 302 0