Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Euro-2024: Еуропа Чемпионатының жеребесі тартылды

Euro-2024: Еуропа Чемпионатының жеребесі тартылды

2 желтоқсанда Гамбургтегі (Германия) Эльбфилармония қабырғасында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық бөлігінің жеребе тарту рәсімі өтті. Егер Еуро-2024-ке жолдама алса, Қазақстан құрамасының кімдермен ойнайтыны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Құрлық біріншілігі келесі жазда Германияда өтпек. Егер Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке жолдама алса, Португалия, Түркия және Чехия құрамалары бар F тобында өнер көрсетеді. 

Қазақстан құрамасының Еуро-2024-ке Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы өту мүмкіндігі бар. Германия жолдамаға ұтыс ойыны келесі жылдың наурыз айында өтеді. Қазақстан турнирдің С бөлімінде өнер көрсетеді. 1/2 финалда ұлттық құрама сырт алаңда Грекиямен ойнайды. Финалға шығу үшін гректермен кездесу сәтті болса, Қазақстан Грузия-Люксембург командаларының жеңімпазымен кездеседі.


Топтардың толық құрамы төмендегідей:
А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария
В тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания
С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия
D тобы: А жолының жеңімпазы, Нидерланды, Австрия, Франция
Е тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, В жолының жеңімпазы
F тобы: Түркия, C жолының жеңімпазы, Португалия, Чехия.


Фото: Vesti.kz
03 желтоқсан 2023 ж. 229 0