Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының қола жүлдегерін жеңіп, "Елорда кубогын" сәтті бастады
Бүгін, 13 мамырда Астанада бокстан ересектер арасында "Елорда кубогы" халықаралық турнирі басталады.
Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы сапынан Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Қамшыбек Қоңқабаев, Асланбек Шымбергенов және тағы басқа да боксшылар рингке шығады. Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Махмұд Сабырхан "Елорда кубогын" жеңіспен бастады. 57 кг салмақта сынға түсіп жатқан Махмұд 2021 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Даниял Шахбахшты төрешілердің шешімімен жеңді. Айта кетейік, бұл жарысқа биыл Өзбекстаннан көшіп келген қазақ боксшысы Аман Қонысбеков те қатыспақ. 71 кг салмақта бақ сынайтын Қонысбековтің алғашқы қарсыласы Азат Иманберлі болады.
Махмұд Сабырхан. Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров