Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстанның екі боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстанның екі боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Серік Теміржанов пен Нұрқанат Райыс ширек финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта мажарстандық Роланд Верешпен жұдырықтасты.

Қазақстан боксшысы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның осы біріншіліктегі екінші жекпе-жегі еді.

Сонымен қатар, Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда доминикандық Дельгадо де лос Сантоспен шеберлік байқасты.

Нұрқанат Райыс бірінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрқанат алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов Үндістан боксшысы Дипак Кумармен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңілді
07 мамыр 2023 ж. 413 0