Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайрат» футболдан РПЛ Қысқы кубогына қатысады

«Қайрат» футболдан РПЛ Қысқы кубогына қатысады

Алматылық «Қайрат» футболдан РПЛ Қысқы кубогына қатысады. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлем етті, деп хабарлайды Kazinform.

Халықаралық турнир 2024 жылдың 1-15 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында болады.

Қарсыластары - ресейлік клубтар «Спартак» пен «Ростов» және «Шабаб Аль-Ахли» командасы (БАӘ).
Төрт команда топтық кезеңде бір-бірімен кездеседі. Топта бірінші орын алған ұжым турнирдің жеңімпазы атағына ие болады. 

Халықаралық турнирді жанкүйерлер «Qazsport» және Ресейдің «Матч ТВ» телеарналары арқылы тамашалай алады. 

Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен сәуір айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Ойындар Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында болады. Кездесулер алдағы жылдың 8 және 10 сәуірінде Ташкент қаласында өтеді. 

Фото:  sports.kz
24 желтоқсан 2023 ж. 77 0