Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «МС» – әлем чемпионы!

«МС» – әлем чемпионы!

Сауд Арабиясында футболдан клубтық әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жа­рыс­та алты құрлықтың ең үздік коман­­да­лары мен алаң иелері бақ сынады, деп хабарлады Егемен Қазақстан.

20 мәрте ұйымдастырылып отырған дүбірлі доп додасында «Манчестер Ситиге» тең келер команда табылмады. Биыл Англияның Премьер-лигасы мен УЕФА-ның Чемпиондар лигасын жеңіп алған Хосеп Гвардиоланың шәкірттері бұл жолы да қарсылас шақ кел­тірмеді. Джиддада өткен финалдық сайыс­та олар «Флуминенсемен» күш сынасты. Алаңға Эрлинг Холанн, Кевин Де Брюйне және Жереми Доку сынды белді ойыншы­лар шықпағанына қарамастан, «МС» бразилиялықтардың қақпа­сына жауапсыз төрт доп соқты – 4:0. Бұл матчта Хулиан Альварес дубль авторы атанса, Фил Фоден бір мәрте мергендік танытты. Тағы бір голды Нино өз қақпасына салды. Сөйтіп, «МС» өз тарихында тұңғыш рет аталған жарыстың жеңімпазы атанды.

Қола медальды Каирдың «Әль-Ахлиі» ол­жалады. Үшінші орын үшін бәсекеде Жапо­нияның «Урава Ред Даймондс» клубын 4:2 есебімен ұтқан мысырлық клуб әлем чемпионатындағы өзінің төртінші қола меда­ліне қол жеткізді.
24 желтоқсан 2023 ж. 215 0