Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Салах үмітті ақтамады: “Реал” айқын басымдықпен жеңіске жетті

Салах үмітті ақтамады: “Реал” айқын басымдықпен жеңіске жетті

Мадридтік “Реал” командасы “Ливерпульді” жеңіп, абсолютті рекорд орнатты. “Реал” үшінші жыл қатарынан чемпион атанды.Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Жеңімпаз атанған команда тарапынан Карим Бензема мен Гаррет Бейл (дубль) гол соқты. “Ливерпуль” ойыншыларынан тек Садио Мане қарсыластар қақпасына айласын асыра алды.Ойын Киевтегі Олимпиада стадионында өтті.Ойын басында екі команда бірдей белсенділік танытты. Алайда 27 минутта Мо Салах Серхио Рамоспен теке-тірес барысында жарақат алып қалды. Иығын жарақаттап алған египеттік футболшы алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Араға бірнеше минут салып, “Реалдан” Дани Карвахаль жарақат алып, алаңнан кетті.Айта кетейік, Египеттен шыққан Ла Салахқа финалда үлкен үміт артылды. Бұл маусымда футболшы “Ливерпуль” үшін 44 гол соғып (барлығы 134), ағылшын премьер-лигасының үздік бомбардирі атанды.Еске сала кетейік, “Реал” мен “Ливерпуль” турнир финалында 1981 жылы кездескен болатын. Ол кезде 1:0 есебімен “Ливерпуль” басым түскен-ді.Ал “Реал” бұл жолы чемпиондар лигасын 13-ші мәрте жеңіп, абсолютті рекорд орнатты.
Stan.kz

27 мамыр 2018 ж. 939 2

Гость JeaOrer от 20 ақпан 2019 02:23
Se Vende Cialis Sin Receta Amoxicillin Dosage Chart Meglio Cialis O Levitra viagra Kamagra Jelly 100 Mg Strasbourg

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 22:00
Amoxicillin Tropical Fish Propecia Efectivo Cephalexin And Pregnancy viagra Antibiotics Quick Wothout Prescription Cytotec Pauvre