Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал командасының ойын кестесі белгілі болды

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал командасының ойын кестесі белгілі болды

Футзалдан «Қайрат» командасының Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Kazіnform.

Қазақстандық команда В тобында сынға түседі.

Қарсыластары - «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) мен «Приштина» (Косово).

Ойындар Косовоның Приштина қаласындағы Жастар сарайында 2023 жылдың 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өткізіледі. 

В тобындағы ойындар кестесі:
29 қараша
22:00 «Бенфика» (Португалия) - «Добовец» (Словения)
29/30 қараша
1:00 «Қайрат» (Қазақстан) - «Приштина» (Косово)
30 қараша
22:00 «Қайрат» (Қазақстан) - «Бенфика» (Португалия)
30 қараша/1 желтоқсан
1:00 «Приштина» (Косово) - «Добовец» (Словения)
2 желтоқсан
22:00 «Добовец» (Словения) - «Қайрат» (Қазақстан)
2/3 желтоқсан
1:00 «Приштина» (Косово) - «Бенфика» (Португалия)

Өзге топтардағы командалар бөлінісі:

А тобы: «Барселона» (Испания), «Этуаль» (Франция), «Эболи» (Италия), «Рига» (Литва)
C тобы: «Спортинг» (Португалия), «Андерлехт» (Бельгия), «Лозница-Град» (Сербия), «Халадаш» (Венгрия)
D тобы: «Пальма» (Испания), «Хит» (Украина), «Олмиссум» (Хорватия), «Любава» (Польша).
Элиталық сатысында әрбір топта жеңімпаз болған командалар «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алады.

Жарыстың аталған сатысында Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталады.

Айта кетсек, негізгі сатысында алматылық Испанияның «Пальма» (34), Венгрияның «Халадаш» (2:2) және Люксембургтің «Дифферданж» (4:2) командаларымен кездесіп, екінші орын алды.

Фото: Pexels
26 қараша 2023 ж. 117 0