Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Португалия көш бастады

Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Португалия көш бастады

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының үшінші туры басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күнгі негізгі кездесулер Португалия мен Чехия, Швейцария мен Испания құрамалары арасында өтті.

Құрмалар А лигасы екінші тобында сынға түседі. Португалия өз алаңында Чехияны 2:0 есебімен сүріндірсе, Испания сырт алаңда 1:0 есебімен Швейцарияның осал тұсын тапты.

Алғашқы екі турда жанкүйерлер сенімінен шыға алмаған қос құрама осылайша турнир кестесінде көш тізгінін қолға алды.

Бұл күнгі өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

В лигасы 4 топ

Норвегия - Словения 0:0

Швеция - Сербия 0:1

С лигасы 2 топ

Косово - Солтүстік Ирландия 3:2

Грекия - Кипр 3:0

С лигасы 4 топ

Гибралтар - Болгария 1:1

Солтүстік Македония - Грузия 0:3

D лигасы 2 топ

Мальта - Эстония 1:2

Еске салсақ, бұдан бұрын екі ойында жеңіске жеткен қазақстандық футболшылар өз тобында бірінші орында келеді.

Ел құрамасы 10 маусымда сырт алаңда Беларусьпен кездеседі.

10 маусым 2022 ж. 543 0