Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан үздіктер анықталды

Футболдан үздіктер анықталды

УЕФА 1955-2020 жылдары аралығында Еуропа чемпиондары кубогы мен Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен командалар арасында үздіктерді анықтап, солардың рейтингін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл тізімде Мадридтің «Реалы» көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындары Мюнхеннің «Бавариясы» мен каталониялық «Барселона» иеленуде. Сондай-ақ «ТОП-10» команданың қатарына «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Ювентус» (Турин, Италия), «Милан» (Италия), «Ливерпуль» (Англия), «Бенфика» (Лиссабон, Португалия), «Порту» (Португалия) және «Аякс» (Амстердам, Нидерланд) сынды әйгілі клубтар еніп отыр.

Қазақстандық командалар арасында ең үздік көрсеткіш Нұр-Сұлтанның «Астанасына» тиесілі. Барлығы 526 клубты қамтыған тізімде елордалық ұжым 107 орынды еншілеуде. Олар Чемпиондар лигасына алты мәрте қатысып, 31 кездесу өткізді. 11 бәсекеде жеңіске жетіп, 10 рет ұтылды. Тағы 10 матчта тең есеп тіркелді. Доп айырмашылығы 45-32. Өзге командаларымыздың нәтижелері мынадай: «Ақтөбе» – 145, «Шахтер» – 230, «Астана 64» – 300, «Қайрат» – 371, «Ертіс» – 422 және «Тобыл» – 432.    


28 желтоқсан 2020 ж. 391 0