Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғыз балуаны Нурболат Адылуулуды, содан кейін Канада балуаны Самуэль Перейраны ұтқан 92 келі салмағындағы Ризабек Айтмұхан жартылай финалда грузиялық Георгий Ромелашвилиді жеңіп, финалға шыққан еді. Ақтық сында ирандық Мохаммадмобин Голомалимиге есе жіберді.

Айта кетсек, Р. Айтмұхан биылғы жылы Алматыда өткен Жазғы спартакиадада еркін күрестен топ жарды, Астанада өткен Азия чемпионатында екінші орын алып, күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Иорданиядағы әлемдік додада еншілеген бұл күміс медаль - балуандарымыздың алған алғашқы жүлдесі.

Фото: drs_kz инстаграм
17 тамыз 2023 ж. 585 0