Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Иорданияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді

Иорданияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді

Тамыз айының 14-20 күндері аралығында Иорданияның астанасы – Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Еркін күрес және грек-рим күресінен еліміздің ұлттық құрама командалары жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еркін күрестен ел намысын қорғайтын балуандарымыз:

57 кг –  Мерей Базарбаев (Алматы қаласы)
61 кг –  Әбдінұр Нұрланбек (Жамбыл облысы)
65 кг –  Санжар Мұхтар (Жамбыл облысы)
70 кг –  Егор Анчугин (Алматы қаласы)
74 кг –  Ерхан Бексұлтанов (Ақмола облысы)
79 кг – Мағжан Жанырбай (Жетісу облысы)
86 кг –  Иманғали Қалдыбек (Түркістан облысы)
92 кг –  Ризабек Айтмұхан (Алматы қаласы)
97 кг –  Камиль Куруглиев (Маңғыстау облысы)
125 кг –  Марлен Құрлысбек (Шымкент қаласы)
Әлемдік додада грек-рим күресі бойынша белдесетін балуандарымыз:
55 кг –  Исхар Құрбаев (Алматы облысы)
60 кг – Сайфулла Құрман (Ақтөбе облысы)
63 кг –  Дінислам Сағитжан (Ақтөбе облысы)
67 кг –  Азиз Гасымов (Ақмола облысы)
72 кг –  Елдос Камелов (ШҚО)
77 кг –  Олжас Ерғали (Қарағанды облысы)
82 кг –  Ислам Евлоев (СҚО)
87 кг –  Нұрасыл Аманалы (Астана қаласы)
97 кг –  Юсуф Мациев (Қостанай облысы)
130 кг – Джохар Узаров (Шымкент қаласы)

Айта кетсек, белдесуге бірінші болып еркін күрес балуандары шығады. Одан кейінгі кезек әйелдер күресіне келсе, әлем чемпионатын грек-рим күресінің балуандары аяқтайды.

Фото: ашық дереккөзден
09 тамыз 2023 ж. 331 0