Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Халықаралық жарыста қазақстандық самбошылар екі алтын алды

Халықаралық жарыста қазақстандық самбошылар екі алтын алды

Беларусьте өтіп жатқан ТМД елдерінің ойындарында ел құрамасынан самбошылар мен каратэшілер жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, самбодан жарыс Жлобин қаласында өкізілді.

Алғашқы күні самбодан ел құрамасы құрамасы 2 алтын және 3 қола медаль алды. Қазақстандық Жасұлан Нариманов (58 келі) пен Арнұр Қуатай (71 келі) өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ.

Ал Еламан Қойшыбаев (88 келі), Айжан Жылқыбаева (50 келі), Шынар Абатова (72 келі) қола жүлдегер атанды.

WKF каратэден алғашқы жарыс күнінде ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева алтын алды. Ал кумите бағдарламасында Әбілмансұр Батырғали күміс медаль иегері болды.
13 тамыз 2023 ж. 291 0