Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар үш медаль алды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар үш медаль алды

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 24 шілде күні үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жасөспірімдер арасында 102 келіде Никита Абдрахманов алтын медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың нәтижесінде 354 (158-196) келіні бағындырды.

Сондай-ақ, ол бұдан бұрын 20 жасқа дейінгілер арасында күміс жүлдегер атанған болатын.

Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Жолтай Санжар (102 келі), 20 жасқа дейінгі жастар арасында Динара Қыпшақбай (81 келі) қола жүлдеге қол созды. Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Едіге Емберді (73 келі), Әлішер Байбуров (67 келі), Денис Полубояринов (81 келі) алтын медаль алды.

Сондай-ақ Надежда Ли (64 келі), Аружан Дәулетова (71 келі), Алексей Чуркин (73 келі) күміс медальға қол жеткізді.

Ал Ерасыл Омаров (55 келі), Азамат Төлеген (61 келі), Егор Шерер (81 келі) қола жүлдегер атанды.

Құрлықтық додаға ұлдардан - 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды. Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді.
25 шілде 2022 ж. 570 0