Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Египеттегі турнирде қазақстандық балуандар 7 медаль алды

Египеттегі турнирде қазақстандық балуандар 7 медаль алды

Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнирдің алғашқы күнінде грек-рим күресінен қазақстандық балуандар 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирде 55 келі салмақта үздік үш орынды қазақстандық Аманғали Бекболатов, Марлан Мұқашов, Исхар Құрбаев өзара бөлісті.

Тағы бір алтын жүлдені Мерей Бекенов (67 келі) алса, екінші күміс медаль Ернар Фидахметке (60 келі) бұйырды.

Сондай-ақ, «қолаға» Дастан Зарлыхан (63 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қол созды.

Енді 24 ақпанда грек-рим күресінен 72, 77, 82, әйелдер күресінен 57, 62, 68, 76 келі салмақта жүлделер сарапқа салынады.

Ал 25 және 26 ақпан күндері әйелдер күресі және еркін күрестен балуандар сайысқа түседі.
24 ақпан 2023 ж. 207 0