Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІ тур ойындары сенбі күні жалғасын табады

ІІ тур ойындары сенбі күні жалғасын табады

Біз бұған дейін  ауданда дүбірлі доп додасы бастау алғандығын хабарлаған болатынбыз.Аудан жұртшылығы көз тіккен әуесқойлар футбол лигасыбірнеше айға созылып, үздік команда анықталмақ. Футзалдан әуесқойлар лигасының аяқдопшылары бірінші турда  өзара тартысқа түсті.

Ауданда алғаш рет өткізіліп отырған футзал лигасының командалары өзара бақ сынап шеберлік байқасты. Қазір бұл уақытта Керейіт командасы көш басында тұр. Кезекті тур 26 қараш күні басталатындығын хабарлаймыз. 10 команда кіл мықтының ішінен ең үздігін анықтамақшы. Бұл доп додасына Жалағаш ауданынан 2 команда келген. Аудандық жарыстың мәртебесін жоғарылату үшін мықты ойыншылар тартылған. Әр команда сапында Республика көлемінде доп тепкен аяқ допшылар бар.

Біз жыл сайын өзара команда ретінде доп теуіп келеміз. Былтыр Сырдария ауданы Қызылорда қаласын да өткізілген А лигасында жеңімпаз атанды. Біз осы сара жолды жалғап, әуесқойлар футбол лигасында жеңімпаз атанғымыз келеді. Әр команданың дайындығы мықты. Арасында 35 жастан асқан спортшы ағаларымызда бар. Бұл дегеніміз спорт жас талғамайтындығын көрсетеді, – дейді спортшылар.   
                                                                                                                              
Айта кетейік, әуесқойлар лигасының жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрайды.
23 қараша 2022 ж. 381 0