Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Республика күні: Облыстық спартакиада басталды

Республика күні: Облыстық спартакиада басталды

Республика күніне орай Сырдария ауданында білім қызметкерлерінің спартакиадасы басталды.

Спорттың үш түрінен ұйымдастырылған шараға қала және аудандар бойынша барлығы 250-ге жуық ұстаз қатысуда.

Жарыстың ашылу салтанатында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ізімбетов спортшыларды ұлттық мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

16 қазанға дейін жалғасатын спорттық шара жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық білім басқармасының, кәсіподақ комитетінің арнайы дипломдарымен, естелік кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Айта кету қажет, аймақтың спортшы педагогтерінің басын қосқан жарыста үздік шыққан командалар мен жеңімпаздар Тараз қаласында өтетін республикалық бәсекеде Сыр елінің намысын қорғайтын болады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
14 қазан 2022 ж. 561 0