Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Төртінші орынға тұрақтады

Төртінші орынға тұрақтады

Спорттың бұқаралық сипатын арттыруда өңірде жыл сайын түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылуда. Оның ішінде, дәстүрлі түрде өтетін спорттық са­йыстардың септігі мол. Осы ретте, ауыл спортшыларының кезекті облыстық спартакиадасы Қазалы ауданында өтіп, аудан спортшылары жақсы нәтиже көр­сете білді.

Ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2022» XXXV дәстүрлі облыстық спартакиадасы биыл 5-9 қазан ара­лығында Қазалы ауданындағы Әй­теке би кентінде жалауын жел­бі­ретті. Бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде саламатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың ма­ңы­зын арттыру мақсатында өткі­зілген спартакиадаға 1000-нан астам ауыл спортшылары қатысты. Оның ішінде, спорттың 15 түрі бойынша сырдариялық 160-қа жуық спортшы бақ сынады.

– Ауыл спортшыларының спартакиадасы – өңір спортшыларының асы­ға күтетін ауқымды жарыстардың бірі. Мұнда спорттың 18 түрі бойынша тартысты ойын өрнегі көрсетілді. Айта кету керек, сырдариялықтар – бұл жарыстың бірнеше дүркін же­ңімпазы. Өткен жылы аудан спортшылары жарыс жеңімпазы атанған бо­латын. Биыл да жекелеген спорт түрлері бо­йынша жетістік жетерлік, – дейді ау­дандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жігер Айекешов.

Төрт күнге созылған жарыстың нәтижесінде І орынды Қазалы ауданы, ІІ орынды Жаңақорған ауданы, ІІІ орынды Жалағаш ауданы еншілеген. Ал сырдариялықтар жалпы есепте төрттікте тұрақтаған.

Аудан спортшылары жекелеген спорт сайыстарында үздік нәтиже көрсете білді. Мәселен, волейбол­дан қыздар құрамасы І орынды, Пре­зиденттік көпсайыс бойынша спортшыларымыз І орынды жеңіп алған. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ, ауда­рыс­пақ, асық ату спортынан сырда­риялықтар ІІ орын иеленген. Оған қоса, үстел теннисі мен баскетболдан қыздар командасы ІІІ орын тұғы­рынан көрінді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
11 қазан 2022 ж. 331 0