Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Бентлиді сынақтан өткізеді

Бентлиді сынақтан өткізеді

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) жекпе-жексіз жеңіп алған чемпиондық белдігін алғаш рет қорғайды, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Күні кеше отандасымыздың ісін жүргі­зетін Top Rank промоутерлік компаниясы ресми түрде Жәнібек Әлім­ханұлының WBO белдігін қорғайтынын мәлімдеді. Чем­пиондық атаққа үміткер боксшы – бри­таниялық Дэнзел Бентли (17-1-1, 14 КО). 1995 жылы Ұлыбританияда дүниеге келген Бентли 2017 жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр. Осы уақытқа дейін 19 кездесу өткізген брита­ниялық боксшы 17 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, біреуінде жеңіліп қалған. Тағы бір айқасы тең нәтижемен аяқ­талған. Ал Жә­нібек әзірге жеңілістің не еке­нін білмей келе жатқан Қазақ­стандағы және орта салмақтағы санаулы боксшының бірі.

Екі былғары қолғап шебері арасындағы бокс кеші 12 қараша күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Palms Casino Resort аренада өтеді. Әлімханұлы мен Бентли кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады.
05 қазан 2022 ж. 387 0