Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

№ 96 газет

04 желтоқсан 2021 ж.

№ 95 газет

01 желтоқсан 2021 ж.

№ 94 газет

27 қараша 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) бұл жолы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) қолғап түйістірді. Орта салмақта өткен жекпе-жек он раундқа есептелген. Алайда сегізінші раунда Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық ноаутпен жеңді. Француз боксшысы үшінші раундта нокдаун алған еді.

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста 11 мәрте жеңіске жетті. WBO Global чемпионы титулын қорғап қалды.

WBA Regular, WBO Interim және WBC Silver нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы француз Хассан Ндам Нжикам кәсіпқой карьерасында алтыншы реті жеңілді.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанды. Ал 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді.

Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді. Он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Оның алтауы нокаутпен аяқталды.
21 қараша 2021 ж. 51 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам