Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Бибосыновтың бұрынғы қарсыласы кәсіби мансабын жеңіспен бастады

Бибосыновтың бұрынғы қарсыласы кәсіби мансабын жеңіспен бастады

Ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Галал Яфай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде WBC International белдігін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол дебюттік жекпе-жегінде мексикалық Карлос Баутистаға қарсы шаршы алаңға көтерілді. Аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі кездесу он раундтық форматта өтуге тиіс болған. Алайда ағылшын боксшысы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, бірінші жекпе-жегінде екінші дәрежелі WBC International белдігін иеленді. Ал мексикалық боксшы болса кәсіби мансабында бесінші рет жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, ұлыбританиялық боксшы Токио Олимпиадасының жартылай финалында отандасымыз Сәкен Бибосыновпен жартылай финалда кездескен болатын. Аталмыш жекпе-жекте төрешілер жеңісті Яфайдың еншісіне жазған еді.
28 ақпан 2022 ж. 597 0