Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » WBA Головкинге міндетті қарсылас белгіледі

WBA Головкинге міндетті қарсылас белгіледі

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жаңа қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) GGG-ді WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуге міндеттеді.

Badlefthook.com мәліметінше, Головкин мұны мексикалық Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде орындауы керек.

Еске салайық, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған және екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді: Канелоның барлық титулы сарапқа салынады, ал Головкин үшін бұл жаңа салмақтағы дебют болмақ.
20 шілде 2022 ж. 486 0