Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Головкин карантин кезінде немен айналысып жүр?

Головкин карантин кезінде немен айналысып жүр?

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезінде немен айналысып жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның өкілі Фред Штернбургтің айтуынша, Головкин оқшаулану режимін бұзбай, үй жағдайында жаттығуын жалғастырып жатыр. 
"Геннадий қазір отбасымен бірге карантин кезінде үйде шектеулі жаттығулар өткізіп жүр. Ол бокс аренаға оралған кезде келесі жекпе-жек туралы мәселені қуана қарастырады", - деді Штернбург ESPN-ге берген сұхбатында.
Головкин келесі жекпе-жегін IBF титулына міндетті үміткер Камела Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы өткізуді жоспарлап отыр. Олардың жекпе-жегі ақпанда өтуі керек еді, бірақ кейінірек GGG жарақат алып, кездесуді маусымға қалдыруға мәжбүр болған.
Осыдан кейін қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (53-1-2, 36 КО) қарсы шықпақ Тараптар трилогияның қаржылық шарттары туралы келісімге келген.
Жекпе-жек 12 қыркүйекке жоспарланған және кездесу Даллас қаласындағы AT&T стадионында (Техас, АҚШ) өтуі мүмкін. 
26 сәуір 2020 ж. 793 0