Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ЖЕҢІЛІП КӨРМЕГЕН АМЕРИКАЛЫҚПЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТЕДІ

ЖЕҢІЛІП КӨРМЕГЕН АМЕРИКАЛЫҚПЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТЕДІ


Орта салмақта WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) 15 қыркүйекте өтетін жекпе-жектен кейінге жоспар құра бастады, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық боксшы WBC белдігін міндетті қорғауды ойластырып жатыр. Ол үшін жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джермалл Чарломен (27-0, 21 КО) жекпе-жек өткізуі қажет.
ESPN телеарнасының журналисі Брайан Кэмпбелл Геннадийдің: «Чемпион ретінде мен үнемі жекпе-жек өткізуге дайын екенімді айтып келемін. Мен ашықпын. Ұйымдастырайық осыны», - деген сөзін жариялады.
Дегенмен, Геннадий, бәрібір, «Канелодан» кейін WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу ықтималы жоғары екенін білдірді. Өйткені GGG орта салмақтағы барлық титулдарды біріктіруді жоспарлап отыр.

14 шілде 2018 ж. 1 228 0