Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ала доп аламанында топ жарды

Ала доп аламанында топ жарды

Алматы қаласында өткен «Жұлдызды лига» атты футболдан әуесқой ойыншылар арасындағы ел біріншілігінде өңіріміздегі мәдениет және өнер саласы өкілдері жеңімпаз атанып, спортсүйер қауымның мерейін үстем етті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Жерлестеріміз жарыс жолын Тараздық қос команда «Тараз Пресс» және «Ернұр» командаларымен кездесуден бастап, ширек финалда елге танымал өнер өкілдерінен құралған Алматылық «Алатау», финалда Қарағандылық «Никулин» командасымен кездесу өткізді. Озық шыққан сырбойылық команданы ақтаңгер ақын Мұхтар Мәуленұлы бастап барған болатын. Тартысты ойын нәтижесінде «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» номинацияларын қақпашы Нұртуған мен тамаша ойын көрсеткен Мақсатымыз жеңіп алды.

Бүгін республикалық лига чемпиондарын басқарма басшысы Руслан Рүстемұлы қабылдап аймақ абыройын асқақтатқан өнер иелеріне алғысын білдірді.
18 шілде 2022 ж. 420 0